BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Доллардың бағамы күн санап өсіп келеді

Астана. 29 қазан. Baq.kz – Доллардың бағамы екі күн қатарынан өсуде. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесіне сүйене отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазандағы KASE-гі кешкі сессияның қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының құны 153,97 теңгені құраған болатын.

Дүйсенбіден бастап оның құны жәйлеп өсе бастады. Егер 28 қазандағы таңертеңгілік сессияның қорытындысына назар аударсақ, онда бір доллардың құны 154,09 теңгеге дейін өскен. Дәл осы күннің күндізгі сессиясының жабылу сәтіне ең үздік баға белгілеулері – бір АҚШ долларына 154,35/154,37 теңге болды. Ал, кешкі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 154,39 теңгені көрсетті. Қазанның 29-ғы күндізгі сессиясында доллардың бағамы бір АҚШ долларына 154,37 теңгені құрап, күшейе түсті.

Әрине, доллар қымбаттап, теңге құнсыздануда деп байбалам салудан аулақпыз. Әйтседе, бұл мәселеде Ұлттық банк жұмған аузын әліде ашқан жоқ. 
 

Мөлдір Асқар


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер