Доллар қымбаттауда - Қаржы|06 Маусым 2018, 18:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Доллар қымбаттауда

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 332,06 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

KASE хабарлағандай, таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,83 теңгені (+0,92 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 101 800 мың USD (-28 900 мың) болды.

Ал, орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,3539 теңгені (+0,0074 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 46 800 мың рубль (+18 800 мың рубль) болды.

Сонымен қатар, теңгенің қытай юанімен (CNYKZT_TOM) орташа сараланған бағам бір юаньға 51,9500 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 50 мың юань болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер