KASE: Доллар бағамы 330,78 теңге болды - Қаржы|04 Маусым 2018, 09:12
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

KASE: Доллар бағамы 330,78 теңге болды

Бір АҚШ долларының ресми бағамы 330,78 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Brent және WTI маркалы мұнай бағасы арзандап келеді. WTI бағасына көрсетіліп жатқан қысым АҚШ-қа шикізат тасымалдауда қиындықтар тудыруда. Brent маркалы мұнай қоспасының тамыз айындағы фьючерстік бағасы 0,66% арзандап, бір баррелінің бағасы 77,03 доллар болды. Ал WTI фьючерстік бағасы 1,58% арзандап, бір баррелінің бағасы 65,9 доллар болды.

Алтын бағасы доллар бағамымен салыстырғанда арзандады. Маусым айындағы фьючерстік бағаға сәйкес, Comex Нью-Йорк биржасында алтын 5,30 долларға немесе 0,41% арзандады. Күміс фьючерстік бағасы 0,17% арзандап, бір унция бағасы 16,4 доллар болды.

Қазақстан Ұлттық банкі жұма күні 2-4 маусым күндерге арналған шетелдік валюталар курсын жариялады. 1 АҚШ долларының бағасы 330,78 теңге, 1 еуро — 387,31, 1 РР — 5,32, жапон йені – 3,03, 1 қытай юані — 51,56, 1 қырғыз сомы — 4,84, 100 өзбек сомы — 4,14 теңге болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер