Доллар бағамы өсті - Қаржы|05 Маусым 2018, 16:35
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Доллар бағамы өсті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша бір доллар 330,93 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

KASE хабарлағандай, теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бір АҚШ доллары үшін 330,93 теңгені құрады. Сауда-саттық көлемі – 68 400 мың АҚШ доллар болды.

Ал, Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,3468 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 23 000 мың рубльді көрсетті.

Жалпы, таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 330,91 теңгені (+0,18 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 130 700 мың USD (+40 500 мың) болды.

Ал, бір рубльдің таңертеңгілік және күндізгі сессия қорытындысы бойынша орташа сараланған бағамы 5,3465 теңгені (+0,0126 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 28 000 мың рубль (+5 000 мың рубль) болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер