BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Доллар арзандады

Астана, BAQ.KZ. Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады. Бұл туралы Kurs.kz порталы хабарлады.

Күні кеше 387 теңгеден сатылған доллар қазір 383,9 теңгеге бағаланып жатыр.

Tengrinews.kz-тің жазуына қарағанда, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бюджетте доллар бағамының 370 теңге болатынын айтқан еді.

"Бұл сұрақты Ұлттық банктегілерге қойыңыздар. Біздің келесі жылға әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымызға сүйенсек, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 370 теңге көлемінде болады", - деген еді министр.

Ұлттық валютаның биржадағы құны 26 желтоқсаннан бастап бірден төмендеді, ол кезде бір доллар 374 теңгеге бағаланды. 26 желтоқсанда ақша айырбастау орындары долларды тіпті 378 теңгеден сата бастады. 28 желтоқсанда ақша айырбастау орындарында бағам 383 теңге болды. Ал 29 желтоқсанда бір доллар 387 теңгеден сатылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер