BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Доллар 329,97 теңгені құрады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасында (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бір доллар үшін 329,97 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

KASE-ден хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасында RUBKZT_TOD құралымен сауда-саттық 02 мамырда 02 Ресей Федерациясында (Көктем және еңбек күні) болғандықтан жүргізілген жоқ.

Сонымен, Т+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 329,97 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі –101 000 мың АҚШ долларын құрады.

Ал, Т+0 теңгемен еуроның орташа сараланған бағамы 396, 55 еуроны құрап, сауда-саттық көлемі – 400 мың еуро болды.

Сонымен қатар, қытай юані бойынша мәміле жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде сұраным бір рубльге 51,9450 теңгені құрады, ұсыным – бір юаньға 51,9530 теңгені көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірдегі сауда саттық қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бір доллар үшін 327,05 теңгені құраған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер