BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Доллар мен еуроның сатылу көлемі артты

Астана. 27 қараша. Baq.kz - Айырбастау орындарындағы доллар мен евроның сатылу көлемі едәуір өсті. Қазан айында америкалық валюта 301,5 миллиард теңгеге сатылса, өсім 22% құрады. Ал, еуро 35 миллиард теңгеге сатылып, өсім 46% болды. Бұл туралы Ranking.kz порталының зерттеу нәтижесіне сүйене отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Соңғы бір ай ішінде Ұлттық Банктің орташа айлық бағамы бойынша доллар 1,07 теңгеге қымбаттап, 153,99 теңгені құрады. Еуро бағамы 7,42 теңгеге өсіп, 209,98 теңге болды.
Есесіне рубльдің сатылу көлемі айтарлықтай белсенді болмады. Ресейлік валютаның айырбастау орындарындағы сатылуы 24 миллиард теңгені құрады. Айлық өсім, бар болғаны - 7,4% көрсетті. Жалпы, рубльдің қазан айындағы орташа айлық бағамы 0,14 теңгеге өсіп, 4,8 теңге болды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер