BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Доллар 160 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Астана. 29 шілде. Baq.kz – Қазақстанда доллардың қымбаттауы тікелей теңгенің құнсыздануына байланысты деп Lionstone Investment Services LTD сарапшысы Андрей Цион Kapital.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Андрей Ционның айтуынша, теңге алғаш рет 2012 жылы маусым айында құнсызданған. Егер осыған дейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір жарым жыл бойы 147.5 - 148.2 теңге аралығында болса, 2012 жылдың маусым мен қараша айларында доллар 2 теңгеге қымбаттаған. Осылайша жыл соңына дейін доллар бағамы 150.2 - 151 аралығында тұрақталды.

Сондай- ақ 2013 жылы маусым айында өткен жылғы жағдай қайта қайталанды. Алайда, бұл жолы теңге небәрі бір жарым айда құнсызданып кеткен. Осылайша алдағы тамыз бен қыркүйек айларында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 155 теңгеге дейін көтерілуі бек мүмкін. Егер ұлттық валютаның күрт құнсыздануы жалғаса берсе инвесторлар мен халық арасында үрей туары даусыз. Нәтижесінде доллар 158 теңгеге дейін, тіпті 160 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Жоғарыда келтірілген жағдайлар қайталанса, бұл сцераний бойынша қойылым 2013 жылдың қараша айына дейін шындыққа айналуы ғажап емес.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер