BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дохадағы кездесу долларға қалай әсер етті?

Бүгін Қазақстандық қор биржасында өткен таңғы сауда-саттықтың нәтижесі бойынша еліміздің ұлттық валютасы біршама арзандады. Доллардың бағамы 339,79-ға дейін көтерілді. Өткен аптаның соңында бір доллар үшін 334,16 теңге берген, деп хабарлайды Вaq.kz. 

 Лондон биржасындағы Brent маркалы мұнайдың бағасы 7 пайызға арзандап, бір баррелі үшін 40,22 долларды құрады. Мұнайдың бағасы Дохада өткен соңғы кездесуден кейін арзандай бастады. Себебі оған қатысқан ірі мұнай экспорттаушы мемлекеттер бір келісімге келе алмады.
Айта кеткен жөн, жылдың басында мұнайдың бағасы 30 долларға дейін түскен болатын. Сол кезде Қазақстанның ұлттық валютасы күрт арзандап, бір доллар 400 теңгеге дейін жеткен болатын. Ал мұнай өндіруші мемлекеттер Дохада жиналып, шикізатты өндіру көлемін «қатырып тастау» бойынша келіссөздер өткізгеннен кейін «қара алтынның» бағасы көтеріле бастады. Күні кеше ғана Дохада өткен кездесуде мұнай экспорттаушы елдер бір мәмілеге келе алмады.

Фото km.ru


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер