BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Депутат зейнетақы қорынан шетелге инвестицияланған ақша туралы пікір білдірді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлері Әзербайжан халықаралық банкіне қомақты қаржы салған. Ал жақында аталған банк соттан өзін банкрот деп тануды сұрағаны белгілі болды. Енді қазақстандықтардың 70 млрд теңгесі шетелден қайтпай қалуы мүмкін. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев бүгін осы шуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Біздің ертеңгі күнге 2 депутаттық сауалымыз бар. Бірінші сұрақ: неге мемлекет азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасын жекенің қолына береді? Екінші сауалымыз: неге зейнетақы қорындағы қаражат басқа мемлекетке берілді? Бізде оны игеретін орын жоқ па? Шетелдік инвестициялар бізде де игеріледі ғой. Неге ақша Әзербайжанға берілді? Осы 2 сауалды қоямыз. Толық ақпаратты ертең біле аласыздар», - деді халық қалаулысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер