BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Депозит нарығы жыл басынан 12,3% өсті

Астана. 21 қараша. Baq.kz – Жыл басынан бері жалпы депозит нарығы 12,3% өссе, заңды тұлғалардың депозиттері 13,6%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 10,2%-ға артты. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдың қыркүйегінде ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6328,2 млрд. теңгеге дейін 3,7%-ға өсті. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 5,0%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 1,3%-ға көбейді. Ал, бұл айда керісінше шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3776,5 млрд. теңгеге дейін 0,23%-ға төмендеді. Жалпы, теңгемен берілген депозиттердің үлес салмағы бір айда 61,7%-дан 62,6%-ға дейін артты.
Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2013 жылғы қыркүйекте 3749,7 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды. Жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 5%-дан 10,0%-ға дейін өсті. Халық салымдарының құрылымында теңгедегі депозиттер 2101,3 млрд. теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайса, шетел валютасындағы депозиттер 1648,3 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға көтерілді. Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 55,9%-дан 56,0%-ға дейін көбейді.
2013 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,4%, ал, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 6,3% болды.
 

 

Мөлдір АСҚАР 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер