BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақышев: Ұлттық Банк мақсаты – онлайн кредиттеудің қауіпсіз үлгісін қамтамасыз ету

Фото: 7kun.kz

Ұлттық Банк халықты өсімқорлықтан нақты қорғауды қамтамасыз ететіндей онлайн-кредиттеуді реттеу қажет деп есептейді. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын қарау жөніндегі ҚР Парламенті Сенатының мәжілісінен кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтып берді.

Ұлттық Банк басшысының сөздері бойынша, бүгінгі күні халыққа кредитті валюталар мен кредиттің мөлшерлемесі бойынша қандай да бір шектеусіз бәрі бере алады. Банктік кредиттер және МҚҰ кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 56%-дан аспауы тиіс, онлайн-кредиттер бойынша ешбір шектеу жоқ, сондықтан олар жылдық 700%-ға және 900%-ға дейін жетеді.

«Тәуекелдерді түсінбей не ақшаны тез алу ниетімен қарызды алған біздің азаматтардың - қарыз алушылардың саны 236 мың адамға жетті. Орташа алғанда онлайн-кредиттер бойынша қарыз алушылардың саны 3 ай сайын 26%-ға өседі, осындай қарқынмен 2020 жылы ол 1 млн адамнан асады, бұл кең ауқымды әлеуметтік топты білдіреді. Онлайн-кредитті алған және оны өтеумен байланысты елеулі проблемалары бар азаматтарда заң тұрғысынан ешбір қорғаныш жоқтығын түсіну қажет», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Ол Ұлттық Банк заңнамадағы осы кемшілікті жою және осындай қарыздарға қызмет көрсету азаматтардың қаржылық жағдайына қауіп төндірмейтіндей және олардың онлайн-кредиторларға тәуелділігін арттырмайтындай шектеу енгізу қажет деп есептейді деп атап өтті.

«Мөлшерлеме жылдық 100%-дан аспауы тиіс, ал қарыз тек теңгемен және 1 жылдан аспайтын мерзімге берілуі тиіс. Және тағы бір маңызды талап, егер онлайн-қарыз шарты мен көрсеткен өлшемшарттардың біріне де сәйкес келмесе, онда осындай қарыз заңсыз деп танылуы мүмкін және қажеттілігі кезінде сот тәртібімен расталуы мүмкін», - деді Д. Ақышев.

Түсіндірмесін қорытындылай келе Д. Ақышев Ұлттық Банк халық кредиттік тәуелділікке түсуі мүмкін болатын онлайн-кредиттеудің үлгісі Қазақстанда таралмауына жол бермеу мақсатында тиісті түзетулерді енгізіп отыр деп атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер