BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Данияр Ақышев: Ұлттық банк аз уақытта инфляция деңгейін 3 есе төмендетті

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Астана қаласында ҚР парламентінің сенатында сөз сөйлеу барысында экономикадағы банктердің рөлі және Қазақстандағы кредиттеу ерекшеліктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өз сөзінде ол негізгі үш мәселеге: банктер жұмыс істейтін соңғы макроэкономикалық талаптарға; банктердің экономиканы кредиттеу ерекшеліктері мен ағымдағы проблемаларына; Ұлттық банктің банк секторы проблемаларын шешу және банктердің экономиканы кредиттеуін қалпына келтіру бастамаларына тоқтады.

Д. Ақышев Ұлттық банк 2 жылдан аз уақытта инфляция деңгейін 2016 жылғы шілдедегі ең жоғары 17,7% мәннен 2018 жылғы наурызда 6,5%-ға дейін 3 есеге жуық төмендете алды деп атап өтті.

«Төмен инфляция елдегі экономикалық, инвестициялық белсенділік кепілі және кредиттер бойынша мөлшерлемені төмендету үшін негізгі аспект болып табылады. Сондықтан инфляцияны 5-7% дәлізде ұстап тұру ағымдағы мақсат болады. Орта мерзімді мақсат – 2020 жылдан бастап 4%-дан төмен», - деді Ұлттық банктің басшысы.

Д. Ақышев инфляция деңгейінен кейін ішкі нарықта ақша құнының негізгі индикаторы болған Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендетеді деп ақпарат берді.

«Бұл іс жүзінде жұмыс істейтін мөлшерлеме. Қазақстандағы ақша нарығы толығымен базалық мөлшерлемемен байланысты жұмыс істейді. Банктер депозиттер мен кредиттер бойынша мөлшерлемені белгілегенде базалық мөлшерлемені негізге алады. Мысалы, кредиттер бойынша теңгемен мөлшерлемелер 2016 жылғы қаңтардағы 25,8%-дан 2018 жылғы наурызда 12,8%-ға дейін төмендеді», - деп түсіндірді Д. Ақышев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер