Ақышев экономиканы кредиттеу проблемаларын шешетін шаралар туралы айтып берді - Қаржы|05 Мамыр 2018, 11:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақышев экономиканы кредиттеу проблемаларын шешетін шаралар туралы айтып берді

Банктердің экономиканы кредиттеуінің ағымдағы проблемаларын шешу үшін бірқатар шаралар қабылдау жоспарлануда. Олар жинақ салымдарын енгізу арқылы банктерді қорландыру базасын күшейтуді, банктердің облигациялық бағдарламаласын жаңартуды, сондай-ақ ҚДКҚ-ның шекті мөлшерлемелерін депозиттердің мерзімдеріне қарай белгілеуді пайымдайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қ. ҚР Парламенті Сенатындағы парламенттік тыңдалымда сөз сөйлеген кезде айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Д. Ақышев жинақ салымдарын енгізу жоғарылатылған сыйақы мөлшерлемесін және жоғарылатылған мемлекеттік кепілдікті көздейтінін атап өтті. Мерзімінен бұрын алып қойылған кезде айыппұл ұстап қалу және 30 күннен ерте емес қайтару болжанады.

«Банктердің облигациялық бағдарламасы БЖЗҚ-ның банктер мен қазақстандық корпоративтік эмитенттердің қаржы құралдарына 200 млрд теңгеге дейінгі сомаға инвестицияларын болжайды. Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес қажетті шешімдерді қабылдады. Қорландыру облигацияларды 5 жылға дейінгі мерзіммен сатып алу арқылы нарықтық талаптарда берілетін болады. Шоғырландыру тәуекелін төмендету мақсатында зейнетақы активтері әрбір облигациялардың шығарылымы көлемінің 50%-дан астамы мөлшерінде инвестицияланатын болады», - деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы.

Оның айтуы бойынша, ҚДКҚ-ның шекті мөлшерлемелерін депозиттердің мерзімдеріне қарай саралау мерзімінен бұрын алу бойынша тікелей тыйым салуларды енгізбестен мерзімдік депозиттер нарығын дамытуды ынталандыратын болады. Аталған шара ұзақ мерзімді қорландыруға және кредиттеу әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік беретін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер