BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Данияр Ақышев Bank RBK туралы пікір білдірді

Фото: Бауыржан Жуасбев

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Bank RBK-нің қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«РБК акционерлерімен, олардың негізгі кредиттеушілерімен интенсивті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл - мемлекеттік сектордағы квазимемлекеттік компания. Ұлттық банктің өзі несие беріп отыр. Интенсивті келіссөздер жүргізіліп жатқандықтан басқа ештеңе айта алмаймын. Банкті сауықтыру қарастырылып жатыр», - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев.

Еске сала кетсек, отандық ақпарат құралдарында Bank RBK өз клиенттеріне күніне қолма-қол ақша алу сомасын 50 мың теңгеге шектегені туралы ақпарат тарады. 18 қазан күні Ұлттық банк Bank RBK-ға бұл жағдайды шешу туралы xат жіберген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер