BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Capital Bank Kazakhstan»-ның жалғыз акционері банктің меншікті капиталын 3 миллиардқа ұлғайтуда

Capital Bank Kazakhstan АҚ-ның уәкілетті органдары ағымдағы жылдың 26 ​​наурызында банктің жалғыз акционері Орифджан Шадиевке жай акцияларды орналастыру түрінде 3 млрд теңгеге банктің жарғылық капиталын ұлғайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Кapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Капиталдандырудың өсуі 2018 жылдың ақпанында банк басшылығы мен акционерімен бекітілген іс-қимыл жоспарының ажырамас бөлігі және банктің өтімділік позициясын нығайтуға, сондай-ақ одан әрі тәуелсіз және орнықты даму дайындығына бағытталған.

«Бұл қосымша капиталдандыруды қоса алғанда қабылданған шаралар, банктің трансформация процесінде жақсы қолдау көрсететініне және жақын арада оны тұрақты дамудың жаңа бағытына жеткізетініне және клиенттер мен серіктестердің сенімін арттыратына сенімдімін», - деді Орифджан Шадиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер