BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

БЖЗҚ жинақ көлемі 7,78 трлн теңгені құрады

Фото: Baribar.kz

Қордың зейнетақы активтерінің кірісі шамамен 8%-ды құрайды. БЖЗҚ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі көрсеткіштерге қысқаша шолу жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Kapital.kz порталына сілтеме жасап.

2018 жылдың басында жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы бір жыл ішінде 1,1 трлн теңгеге (+16,4) артып, 7,78 триллион теңгені құрады. 2017 жылы зейнетақы жарналары бойынша кірістердің жалпы сомасы 756,05 млрд теңге болды. Зейнетақы жарналарының жалпы түсімі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 8,3%-ға өсті, бұл көрсеткіш 698,42 млрд теңгеге сәйкес келеді. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымның орташа мөлшері 15 мың 78 теңге болды.

БЖЗҚ салымшыларының ЖЗШ-ға есептелген таза инвестициялық кірістің көлемі - 550,6 млрд теңге. Қордың зейнетақы активтері бойынша кірісі 7,92%-ды құрады, инфляция деңгейінде - 7,1%.

БЖЗҚ-дан 2017 жылғы қаңтар-желтоқсандағы зейнетақы төлемдері 211,12 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 26,06 млрд теңге. Салыстыру үшін - өткен жылдың осындай кезеңінде БЖЗҚ-дан 169,69 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына 22,69 млрд теңге төленген. 2017 жылы орташа есеппен 1 ​​адамға төлем мөлшері шамамен 576,5 мың теңгені құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер