BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

БЖЗҚ қазақстандықтардың қаржысын қайда инвестициялайды

Фото: ашық дереккөзден

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) сәуірдің басындағы инвестициялық портфелінің жағдайы туралы бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта портфельдің негізгі бөлігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына» тиесілі. Олардың пайыздық үлесі – 44,89% болды. Есепті айда мемлекеттік құнды қағаздардың ағымдағы құны 112,03 млрд теңгеге артып, 3 580,47 млрд теңгені құрады.

Екінші орында «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары». Олардың портфельдегі үлесі – 15,41%. Ал ағымдағы құны – 1 229,20 млрд теңге. Үшінші орында «Шет мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары» деп аталатын қаржы құралдары. Олардың портфельдегі үлесі – 13,86% болса, ағымдағы құны 19,15 млрд теңгеге артып, 1 105, 56 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (69,42%), АҚШ долларында (30,03%) және Ресей рублінде (0,45%) белгіленген. Инвестициялық портфельдің толық құрылымы БЖЗҚ-ның ресми сайтында қолжетімді.

«2018 жылдың 1 сәуіріне қарай зейнетақы активтерінің 73,29 пайыздан астамы рейтингі «ААА» -дан «BBB-»-ға дейінгі тәуекелі ең төмен қаржы құралдарына, ал 15,58 пайызы ұстамды дәрежедегі тәуекелі бар (рейтингі «ВВ+» -тен «В-») қаржы құралдарына орналастырылды», - деп атап өтті БЖЗҚ-ның баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай БЖЗҚ ҚР Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 7,97 трлн теңгені құрады. 2018 жылдың алғашқы үш айы ішінде салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 66 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың наурызы аралығында 8,00 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,6 пайыз болды. Яғни, табыстылық инфляция деңгейінен жоғары деген сөз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер