BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

БЖЗҚ KASE-тің қор секциясынан шықты

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) мүшеліктен өз еркімен бас тартуына байланысты, Қазақстан қор биржасы (KASE) қор нарығының мүшесі құрамынан шығарылды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, шешімді KASE Биржалық кеңесі ағымдағы жылдың 28 қарашасында қабылдаса, бүгін, 29 қарашада күшіне енді.
Осылайша БЖЗҚ енді KASE мүшесі болып табылмайды және биржада қандай да бір қаржы құралды сатуға құқы жоқ.
Қор halyk-ipo.kz порталына мүшеліктен бас тартуының себебіне қатысты түсініктеме бермеді. БЖЗҚ негізгі акционері – ҚР Ұлттық банкі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер