BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін теңге арзандады

Фото: 7Kun.kz

Қазақстан биржа қорының 2018 жылы 22 қаңтарындағы ақпаратына сәйкес, 1 АҚШ доллары 324,93 теңге болды. 19 қаңтардағы доллар курсымен салыстырғанда ұлттық валюта 0,93 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Kapital.kz басылымына сілтеме жасап.

KASE мәліметіне сәйкес, таңертеңгі сессияда АҚШ долларының бағасы 324,20 теңге болды, максималды бағасы 326,13 теңгеге жетті. Сауда жабылғанға дейін 324,60 теңге болып бағаланды. Доллар бойынша сауда көлемі 113 млн 550 мың долларды құрады. Валюта бойынша 195 операция жасалды.

Бүгін сағат 11.00-де Астананың ақша айырбастау пунктерінде америкалық валютаның бағасы 326,5 теңге, Алматыда 327,1 теңге болды. Теңгенің АҚШ долларына байланысты ресми курсы Қазақстан биржа қорындағы екі сессиясының қорытындысы бойынша жасалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер