BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бюджет қаржысын игермеген 53 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

2015 жылы бюджет қаржысының игерiлмеуiне жол бергенi үшiн 53 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрi Руслан Дәленов Қаржы және бюджет комитетiнiң кеңейтiлген отырысында мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бюджет заңнамасында заң бұзушылық үшiн жауапкершiлiк қарастырылған. Заң нормаларына сәйкес, сапасыз жоспарлау, бюджеттiк бағдарламалардың нәтижелi көрсеткiштерiне қол жеткiзбегенi үшiн жауапкершiлiк мiндеттелген. 2015 жылы қаржыны игермеуге жол берген орталық мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi атқарушы органдар бойынша 53 лауазымды адам тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды», - дедi ҚР Қаржы вице-министрi.

Оның айтуынша, қаржылық бақылау қызметi 388 млрд теңге көлемiнде заң бұзушылықты анықтады. Оның iшiнде тiкелей заң бұзушылықтар - 4,6 млрд теңге қалпына келтiрiлуi тиiс болса, қалған 383 млрд теңге - процедуралық заң бұзушылықтар, бухгалтерлiк есептеулер, дұрыс жасалмаған сатып алулардан қалыптасқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер