BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Brent маркалы мұнайдың бағасы 68 долларға жетті

Иранда болып жатқан бассыздықтар нәтижесінде Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 68 долларға жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2015 жылдың 13 мамырынан бері алғаш рет 68 долларға жетті. Астана уақытымен 08:50 шамасында аталған мұнай бағасы түсіп, бір баррелінің бағасы 67,91 долларды құрады. Жалпы бір тәулік ішінде 2% өсті.

Мұнай бағасының өсуіне 28 желтоқсан күні Иранда болған бассыздық әсер етті. Митинг ұйымдастырушылар бағаның өсуіне наразылық білдірген. Полициямен арадағы болған қақтығыс салдарынан нәтижесінде 20 адам қаза тауып, 450 адам тұтқындалды.

Естеріңізге сала кетсек, жыл соңында Brent маркалы мұнайдың бағасы Ливияда болған жарылыстан кейін алғаш рет 67 долларға жеткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер