BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бірыңғай жиынтық төлемді енгізуден бюджет 11 млрд теңге жоғалтады

Бірыңғай жиынтық төлемді енгізгеннен кейінгі бес жылда бюджеттің шығыны 11 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Републикалық бюджет комиссиясы салық түсімдерінен соң бюджет жоғалтатын қаржыны қарастыратын болжамдар мен есептерді мақұлдады. Оңайлатылған декларация мен патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер санатынан шығып кетеді. Ұлттық экономика министрілігі, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қаржы министрлігінің есептеуінше, олардың саны – 61 880 адам. Республикалық бюджет комиссиясы бюджет шығыны 2 млрд теңгені құрайтынын мақұлдады. Бірыңғай жиынтық төлемді енгізгеннен кейінгі 5 жылда, яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін бюджет шамамен 11 млрд теңге жоғалтады. Алайда БЖТ жүйесіне қатысушылар барлық әлеуметтік кепілдікке ие болады», - деп атап өтті Жақыпова Мәжілісте өткен халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымында.

Айта кетсек, БЖТ мөлшері қала тұрғындары үшін 1 АЕК, елдімекен тұрғындары үшін 0,5 АЕК құрайды. 2019 жылдан бастап ең төмен есептік көрсеткіш 2552 теңгені құраса, ал бірыңғай жиынтық төлемді 500 мың адам төлейді деп күтілуде. Одан кейінгі екі жылда тағы 120 мың адамға артып, бес жылда олардың саны 1,2 млн адамға жетуі тиіс.

«1,2 млн адамның мәртебесін анықтау қажет. Олардың 800 мыңы еңбек шартынсыз жұмыс істейді. Былтыр бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болған, ал биыл 130 мыңнан астам адам еңбек шартын жасады. Ал 30 мың жұмыс берушіге еңбек шартына отыруы тиіс деген ескерту берілді. 580 мың адам өз-өзін жұмыспен қамтушы деп мәлімдеді. Олармен алдағы уақытта жұмыс істейміз», - деп атап өтті вице-министр.

Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бірыңғай жиынтық төлем жасамағандар заңмен жазаланбайтынын атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер