BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бірыңғай зейнетақы қорында қанша ақша бар?

Жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақша 15% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

2017 жылдың 1 желтоқсанында жүргізілген есепке сәйкес, зейнетақы қорындағы ақшаның сомасы 7,67 трлн екені белгілі болды. Жыл басынан бері бұл сома 980 млрд теңгеге көбейген. 2016 жылы аталған қордағы ақша 14% артқан еді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева айтты.

Активтер зейнетақы жарналардың арқасында көбейген. 11 ай ішінде қорға 678,6 млрд теңге келіп түскен. Бұл 2016 жылы 11 айда келіп түскен сомадан 8,6% көп. Ал 2016 жылы қаңтар-қараша айларының аралығында зейнетақы жарнасы 624,7 млрд теңге болды.

Мұнымен қатар, зейнетақы қорындағы ақша инвестициялық кірістің арқасында өсті. 2017 жылы 1 желтоқсанда жүргізілген есепке сәйкес, инвестициялық кіріс жыл басынан бері 495,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдағы 11 ай көрсеткішінен 2,3% көп.

2017 жыл 1 қаңтар 30 қараша аралығындағы зейнетақы активтерінің кірісі 7,15%-ды құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер