BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл ең төмен күнкөріс деңгейі 26 мың теңге болды

Фото: sputniknews.kz

2018 жылғы қаңтарда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 25 879 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қантарда өткен аймен салыстырғанда 1,1% жоғарылады.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8%, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 15,9%, жемістер мен көкөністерді - 9,9%, сүт, нан және жарма өнімдерін - 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2%-ды құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер