BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл 400-ге жуық жас кәсіпкерге микрокредит берілді – Əбілқасымова

Фото: Liter.kz.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты əлеуметтік қорғау министрі Мəдина Әбілқасымова жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша есеп берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жастарды мемлекеттік қолдаудың келесі қосымша құралдары көзделген. Біріншіден, жастар қатарындағы 13,5 мың адам еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды үйрену үшін колледждер мен оқу орталықтарына қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жіберілді. Екіншіден, биылғы жылы 4 536 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, жастар қатарынан 396 адам микрокредит алды», - деді Əбілқасымова.

Министрдің айтуынша, үшіншіден, 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде 136,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 86,7 мың адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, ведомство басшысы Бағдарлама шеңберінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» қосымша құралы бар екенін айтты.

«Серпін» жобасы бойынша жұмыс күші көп өңірлердегі жастарға жұмыс күші тапшы өңірлерде тегін жоғары техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігі беріледі. Қазіргі уақытта 16 472 адам 26 жоғары оқу орнында білім алып жатыр. Биылғы жылы 5 089 адам жоғары оқу орындарында және 715 адам техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарында жобаға қатысып отыр», - деді Мəдина Əбілқасымова.

Дегенмен, бүгін министр жыл сайын мектеп түлектерінің 19%-ы мамандық ала алмайтынын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер