BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ табысы 20 млрд. теңгеден асады деп күтілуде

Астана. 21 қараша. Baq.kz – Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ,Банк) 2010-2013 жж. аралығында атқарған жұмыс нәтижесін қорытындылауға арналған баспасөз-конференциясында белгілі болды, - деп Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Атаулы шараға ҚР Премьер-министрінің Орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар Министрі Әсет Исекешов, «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингінің Басқарма Төрағасы - ҚДБ Директорлар Кеңесінің мүшесі Қуандық Бишембаев, тәуелсіз директор Уольф Вокурка, ҚДБ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов қатысты.
«Қазақстанда жүргізіліп жатқан индустрияландыру - мемлекеттік саясаттың басым бөлігі болып табылады, соған байланысты Мемелекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарламаның дамуын қаржыландыратын басты операторлардың бірі болып табылатын Қазақстанның Даму Банкінің жұмысының маңызы зор. 2010-2013 жж. аралығында ҚДБ-мен экономикаға $3 млрд. аса қаржы салынды. Бұл кезең ішінде жалпы құны $7 млрд., Банк қатысуымен $4,3 млрд. теңгені құрайтын 36 жоба мақұлданды», - деп өз сөзінде Әсет Исекешов мәлімдеді. Солардың қатарында-Ақтөбе рельс зауыты, Өскемен титан-магний комбинаты, Атырау мұнайөңдеу зауыты, Атырау қаласындағы полиропилен шығаратын газхимиялық кешені, «ЕвразКаспианСталь» сұрыпты жаймалау шығару зауыты, «БоровоеТуризмСити» туристтік- қонақүйлік кешені, алюминий шығаратын Қазақстан электролиз зауыты, Кентау Трансформатор зауыты (Лизинг), Азия Авто зауыттарында автокөліктер шығаруын кеңейту (Лизинг), СарыаркаАвтоПром (Лизинг) және еліміздегі тағы да басқа танымал жобалар бар.
Сондай-ақ, бұл уақыттың ішінде келесі жобалар іске қосылды: Мойнақ ГЭС, Ақтау әуежайы, Запчасть металлургиялық комбинаты, Алматы ТЭЦ-2, Стальцинк метиз шығаратын зауыты, Кристалл-Менеджмент газтурбинды станциясы, Каустик сода шығаратын Каустик зауыты, Орал газтурбинді станциясы, Мұнаймаш мұнайгаз жабдықтарын шығаратын зауыты (Лизинг), котель жабдықтарын шығаратын ТЭК Титан зауыты (Лизинг) және басқа да орындар. Қазіргі таңда осы жобалар аясында орындарында 10 мыңнан аса адам қызмет етуде.
Жалпы, Бнктің қаржылай көмегімен барлығы 38 жоба мен лизингті операциялар іске асты. 2012 жылы жүргізілген реформалар арқасында Банк 15,3 млрд. теңге рекордты пайда көрді. Болжам бойынша, 2013 жылы бұл көрсеткіш 20 млрд. теңгеден асады деп күтілуде.
 

 

Мөлдір АСҚАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер