BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Базалық мөлшерлеме 9% деңгейінде сақталды – Ақышев

2018 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Ол мөлшерлеме деңгейін екінші рет сақтап отырғанын және бұл Ұлттық Банктің инфляциялық факторлардың күшейуіне алаңдайтынын көрсететінін атап өтті.

«Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан былайғы шешім қыркүйектегі инфляцияға және осы жылдың 4-тоқсанында қалай қалыптасатынына байланысты болады. Инфляциялық қысымның күшеюі кезінде ақша-несие талаптарының артуы орын алуы мүмкін», – деп түсіндірді Ақышев.

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы TONIA ақша нарығының базалық индикаторы тамызда және қыркүйекте валюта нарығындағы ахуалға әсер еткенін және 9%-ға жуық деңгейде қалыптасқаны туралы айтып берді


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер