Банктердің валюталық саясаты талқыланды - Қаржы|29 Тамыз 2013, 09:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Банктердің валюталық саясаты талқыланды

Минск 29 тамыз. Baq.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченко Минск қаласына іс-сапармен барып қайтты. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Г.А. Марченко Минск қаласында Кеден одағына (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің 5-ші отырысына қатысты. Алқалы жиынға Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма Төрағасы Н.А. Ермакова мен Ресей Федерациясы Орталық банкінің төрағасы Набиуллина Э.С. келді. Мұнда тараптар 2013 жылғы 1-жартыжылдықтағы ағымдағы экономикалық жағдай және ақша-кредит саясатын іске асыру барысы туралы ақпаратпен алмасты. Отырыста ықпалдасқан қаржы нарығын қалыптастыруға, оның жұмыс істеуіне және реттеу тәсілдері, сондай-ақ КО және БЭК қатысушы мемлекеттердің Қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлттықтан жоғары органды құру перспективалары туралы мәселелер талқыланды.

Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңестің келесі отырысы 2013 жылдың қараша айында Алматы қаласында өтетін болды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер