BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Банктерді тығырықтан шығару үшін Ұлттық қордың ақшасы жұмсалмақ

Банктерді қолдауға Ұлттық қордың ақшасы жұмсалмақ! Президент осы мақсатқа триллионнан аса теңге бөлу туралы жарлыққа қол қойды.

Онда бөлінетін қаржының нақты көлемі 1 триллион 92 миллиард 941 миллион 288 мың теңге деп көрсетілген. Бұл ақшаға екінші деңгейлі банктердегі түйткілді несиелер сатып алынбақ. Осылайша үкімет несиені оңды-солды таратып, кейін өндіре ала алмай жүрген банктерді тағы бір мәрте тығырықтан шығармақшы. Биліктің бұлай етпеске амалы жоқ дейді сарапшылар. Өйткені қазір көптеген қаржы ұйымдары қарызға белшеден батқан. Мәселен кейбір сарапшылар қайтарылмай қалған несие көлемі 3-4 триллион теңгеге жетіп жығылады дейді. Сондықтан оның орнын толтыруға үкімет қолдау көрсетпесе банкротқа ұшырайды екен. Банктер жаппай жабылса ел экономикасы құлдырайды, дейді қаржыгерлер.

«2007 жылғы дағдарыстан кейін біздегі банк жүйесі біраз әлсіреді. Соның кесірінен қайтарылмай қалған және күмәнді несие көлемі күрт көбейді. Кейбір мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш 75 пайызға дейін жеткен. Ал банк жүйесінің қауіпсіздігі бойынша түйткілді несие көлемі жалпы портфелдің 15 пайызынан аспауы керек»», - дейді экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов.

КТК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер