BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Банктер франшиза сатып алуға несие бергісі келмейді

Астана. 11 желтоқсан. Baq.kz - Бүгінде қаржы институттарының бренд сатып алатын компанияларды несиелендіруі төмен. Бұл туралы Қазақстандық Франчайзинг Ассоциациясының вице-президенті Бекнұр Кисиков Kapital.kz порталына берген сұхбатында хабарлады.

«Бүгінде банктерге компанияларға франчайзинг үшін қаржылай көмек көрсету үшін мықты бренд және жоғары актив қоры керек. Мәселен, АҚШ-та McDonald's-тың франшизасын сатып алуға кез-келген банк несие беруге әзір. Себебі, брендтің өзі кепіл бола алады. Ал, Қазақстанда мұндай танымал брендтер жоқтың қасы. Біздің банктер зияттық мүлікті кепіл ретінде қабылдамайды», - деді Бекнұр Кисиков.
«Отандық банктер заттай кепілді алғанды құп көреді. Егер, бизнес табыс әкелуін тоқтатса, кәсіпкер несиесін төлей алмайды, ал оның кепілдікке қойған мүлкін банк оп-оңай сатып жібереді. Тіпті, жылжымайтын мүлік нарығында баға өзгерсе де», - деп Бекнұр Кисиков өз ойын толықтырды.
Расында да, соңғы деректерге сүйенетін болсақ, қазақстандық қаржы институттары кепілдікке жылжымайтын мүлік қойған жағдайда ғана көп мөлшерде несие береді. 2013 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Казкомерцбанк берген несиенің 58%-ы жылжымайтын мүлікпен кепілдендірілген. 2012 жылы бұл көрсеткіш 54,9%-ды құраған. Ал БанкЦентрКредит-тің несие қоржынының 73,8% жылжымайтын мүлікпен кепілдендірілген. 2012 жылдың соңында бұл көрсеткіш 72,9% болды.
«Алайда осыған қарамастан отандық франчайзинг нарығы күн санап өсіп келеді. Осыдан екі-үш жыл бұрын еліміздің франчайзинг нарығы 1 млрд. долларды құраса, бүгінде ол 2 млрд. долларға бағаланып отыр», - деп Қазақстандық Франчайзинг Ассоциациясының вице-президенті өз ойын түйді.
 

Мөлдір АСҚАР 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер