BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әзербайжан Қазақстаннан алған қарызын 15 жылдан кейін қайтарады — Сұлтанов

Фото: azh.kz

2017 жылы халықтың мемлекетке сеніп тапсырған 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар салымының Әзербайжан халықаралық банкінде күйіп кеткелі тұрғанын алғаш сарапшылар анықтап, дабыл қаққан болатын. Кейін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев та аталған мәселеге назар аударып, жауапты басшыларды бекіткен. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Владимир Косарев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтан аталған мәселенің қалай шешіліп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынып, Әзербайжанда қалып қойған ақшалар мәселесі туралы білгім келеді. Біз Әзербайжанның қаржы ұйымдарына аталған қаражатты қайтару туралы айта аламыз ба? Ол қаражатты жартылай жоғалтып қана қоймай, тіпті Әзербайжанның Қазақстанға қомақты қарызын лонгридтеуден өткіздік. Бізге мүмкін қаржы қатынастарына мән беретін кез келген шығар», — деді депутат Қаржы министріне.

Депутаттың сауалына Бақыт Сұлтанов байыппен жауап берді.

«Біз бұл ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе қарыздың қайта өзгеріспен төленуін несие берушілердің басым көпшілігі қолдамағанда, ақшаны жоғалту қаупі туындайтын еді. Бүгінгі таңда банктің бұл облигациялары Әзербайжанның дербес облигацияларына ауыстырылған. Қорытындысында, 3,5 пайыздық мөлшерлемемен 250 млн АҚШ долларының қайтарылу мерзімі 15 жылға ұзартылды. Бұл қағаздар өтімді болып саналады», — дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар көлемінде инвестиция салған Әзербайжан халықаралық банкі банкротқа ұшырау туралы сотқа өтініш берген еді. Қазіргі кезде аталған қаржы мекемесі сыртқы қарыз бойынша төлем жүргізуді тоқтатып, несие берушілермен банктің құрылымын қайта өзгерту бойынша келіссөз жүргізуде. Қаржылық проблема Әзербайжанның ұлттық валютасының девальвациясы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан туындаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер