Азаматтық бюджет: қарапайым және түсінікті - Қаржы|01 Маусым 2018, 11:52
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Азаматтық бюджет: қарапайым және түсінікті

Фото: Forbes.kz

2017 жылы азаматтар үшін ақпаратты ашық және қолжетімді ету мақсатында Бюджет кодексі «Азаматтық бюджет» деген баппен толықтырылған болатын. Биыл қаңтарда ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекітті. Азаматтық бюджет деген не?

Азаматтық бюджет дегеніміз – жұртшылыққа қолжетімді нысанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын ақпарат.

Республикалық бюджет бойынша, оны мемлекеттiк жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар жасайды. Жергілікті бюджет бойынша, оны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттары жасайды. Бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстары бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жасайды.

Азаматтық бюджет бюджет процесінің мынадай сатыларында жасалады: жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау), бюджетті атқару.

Қағидаға сәйкес азаматтық бюджеттің мазмұны қысқа, түсінікті, азаматтар үшін оңай ұғынылатын нысанда жазылады, оны жариялаған кезде инфографика, суреттер, схемалар, диаграммалар, кестелер және басқа да таныстыру нысандары пайдаланылады.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында азаматтық бюджетті жариялаған кезде «Азаматтық бюджет» деген жеке қосымша бет жасалады, мұнда бюджет процесі қысқаша сипатталады (бюджетті жоспарлаудың негізгі процестері, кім және қашан жоспарлайды, кім қарайды және қандай нормативтік құқықтық актімен бекітіледі).

Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында республика мен өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, республикалық бюджеттің түсімдері мен шығыстары, тиісті бюджеттің тапшылығы (профициті) бойынша ақпараттар көрсетілуге тиіс.

Азаматтық бюджетті орналастыру кезінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша болжамды ақпаратты орналастырылады, оның ішінде: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі; ЖІӨ нақты өзгерісі, алдыңғы жылға %-да; халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ; мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі; мұнайдың орташа жылдық әлемдік бағасы; инфляция; тауарлардың экспорты мен импорты; сауда теңгерімі сальдосы мен тиісті кезеңге бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясаты туралы жалпы көрініс беретін жоспарланған үш жылдық кезеңге республикалық бюджеттің негізгі өлшемдері. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда республикалық бюджеттің негізгі өлшемдерін талдау келтіріледі.

Сондай-ақ тиісті кезеңге бюджеттік шығыстардың мемлекеттік саясаты туралы жалпы көрініс беретін жоспарланған үш жылдық кезеңге облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерi, алдыңғы жылдармен салыстырғандағы жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) болжамды деңгейі бойынша ақпарат көрсетілуі тиіс.

Алдыңғы жылдармен салыстыру жолымен үш жылдық кезеңге жоспарланып отырған бюджет түсімдері мен шығыстары көрсетілетін болады (салық түсiмдерi, салықтық емес түсімдер, негiзгi капиталды сатудан түсетін түсімдер, трансферттер түсімдері ) бойынша талдамалы ақпарат көрсетіледі, кіші бөлімдетиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру көлемінің деректері көрсетіледі, Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген үкіметтік борыш лимиті туралы ақпарат көзделеді.

Республикалық деңгейде мынадай көрсеткіштерді қамтитын негізгі әлеуметтік көрсеткіштер көрсетіледі: ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері, айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі және орташа айлық номиналды жалақы мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері және базалық зейнетақы төлемі, жұмыссыздық деңгейi.

Жергілікті бюджеттер деңгейінде айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі және орташа айлық жалақы мөлшері, ең төменгі зейнетақы мөлшері, стипендия, жәрдемақы мөлшері көрсетіледі.

Сондай-ақ Азаматтық бюджет шығыстарының негізгі бағыттары бойынша республикалық бюджет жобасына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының алдын ала бағалауы туралы ақпаратты қамтиды.

Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) бойынша ақпарат бюджет жобасын тиісті деңгейдің өкілді органына қарауға енгізу мерзіміне дейін бес жұмыс күні бұрын орналастырылады (бюджетке дейінгі өтінім немесе түсіндірме жазба).

Бюджетті бекіту (нақтылау) бойынша ақпарат тиісті деңгейдегі өкілді орган бюджетті қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде орналастырылады.

Азаматтық бюджет бойынша ақпарат бюджетті атқару сатысында ай сайынғы негізде қалыптастырылады. Бір рет жарты жылдық қорытындылары (жарты жылдық шолу) шығарылады. Жыл қорытындысы бойынша жылдық азаматтық бюджет (жылдық шолу) жасалады.

Ай сайынғы азаматтық бюджетте бюджетті атқару сатысында мынадай сипаттағы ақпарат көрсетіледі: кірістер мен шығыстардың баптары бойынша атқару.

Кірістер бойынша есепті кезеңге жоспарлы деректермен салыстырғандағы, есепті жылға жоспарлы деректермен салыстырғандағы, сондай-ақ тиісті есепті күнге алдыңғы кезеңдердің (кемінде соңғы үш жыл) нақты деректермен салыстырғандағы есепті деректер көрсетіледі. Есепті кезеңде кірістердің өсуі/азаюы қандай түсімдердің есебінен болғаны туралы ақпарат ашылады.

Шығыстар бойынша есепті кезеңге жоспарлы цифрлармен салыстырғандағы, есепті жылға жоспарлы цифрлармен салыстырғандағы, сондай-ақ тиісті есепті күнге алдыңғы кезеңдердің (кемінде соңғы үш жыл) нақты цифрларымен салыстырғандағы ағымдағы атқару көрсетіледі. Шығыстардың негізгі басым бағыттары көрсетіледі (деректер үдемелі қорытындымен көрсетіледі).

Бюджетті атқару сатысында азаматтық бюджетті жартыжылдықта және жылдық шолуда ай сайынғы негізде берілетін ақпаратқа қосымша мыналарға:

негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің (ЖІӨ/ЖӨӨ, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі) атқарылуына;

нақты атқарылуы ескеріле отырып, толық қаржы жылына экономикалық болжамды, кірістер мен шығыстар болжамын қоса алғанда, бюджетті нақтылау себептері мен көздерін көрсете отырып, бекітілген бюджетпен салыстырғандағы тиісті қаржы жылына бюджет параметрлерін нақтылауға талдау жүргізіледі.

Азаматтық бюджетте республикалық деңгейдегі мемлекеттік борыш жөніндегі ақпарат борыш құрылымы бойынша бөліністегі соңғы бес жылдағы мемлекеттік борыштың (Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышы, жергілікті атқарушы органдардың борышы) серпінін қамтиды. Сондай-ақ, мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатынасын сақтау көрсетіледі.

Республикалық бюджет бойынша азаматтық бюджетте www.minfin.gov.kz Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында орналасқан..

Қағидаға сәйкес бюджет бағдарлама әкімшіліктері азаматтық бюджет бойынша ақпаратты:

  1. Жоспарлау сатысында: жоспарланып отырған шығыстарды сипаттай отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерімен бюджеттік бағдарламалар туралы, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жоспарланып отырған шығыстар туралы.
  2. Бюджетті атқару сатысында: нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы стратегиялық жоспар көрсеткіштерін орындау нәтижелері, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептер, қайырымдылықтан түскен ақшаның жұмсалуы туралы есептерді және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау қорытындысы бойынша ақпарат.

Азаматтық бюджетті жариялау бюджеттің ашықтық индексі көрсеткішін көтеруге оң серпін береді.

Халықаралық бюджеттік әріптестік бюджетінің ашықтығы жөніндегі зерттеу деректері бойынша, 115 елдің ішінде Қазақстан бюджеттік ашықтықтың халықаралық өлшемшарттары бойынша өз Бюджет ашықтығы индексін 100-баллдық шәкіл бойынша 2015 жылы 51 баллдан 2017 жылы 53 баллға дейін көтерді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер