BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Азаматтар Астана бюджетінен бөлінген әрбір теңгені бақылай алады

Фото: Kursiv.kz

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «Астана – адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдікте жоба аясында ауқымды қоғамдық бақылау енгізетіндігі туралы жарияланды. Аталған жоба аясында мемлекеттік бағдарламаларға және іске асырылатын құрылыс және жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражатты тұрғындар бақылай алатындығы туралы жоба кеңсесінің жетекшісі Жазира Жылқышиева мәлімдеді.

Бюджет қаражатын бөлу туралы ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін интернет-ресурстарда, теледидар және баспа басылымдарында жариялау шаралары қабылданатындығы туралы спикер өз сөзінде атап өтті.

Аталған шаралар мемлекеттік органдармен іске асырылатын бағдарламаларды, анықталған бұзушылықтар фактілерін тиісті құзыретті органдарына хабарлауға азаматтардың өздері бақылауға алуға мүмкіндігі беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер