BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанаға кіруді ақылы ету ұсынылды

«Астана LRT» компаниясы кей көлік түрлеріне Астанаға таңғы және кешкі мезгілде кіруді ақылы қылуды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдікте астананың көлік жүйесін жаңғырту мәселесіне арналған пресс-конференцияда Астана LRT басшысының орынбасары Бейбіт Есжанов, бұл шара қала көшелеріне түсетін көлік жүктемесін төмендететінін айтты. Қазір астанада шамамен 500 мың көлік бар, оның 324-і тіркелген, ал қалаға кіруші көлік саны 80 мыңнан астам. Ал, қалған көліктер аймақтарда тіркелген, бірақ иелері Астана қаласында тұрады.

Қалаға кірудің ақылы жүйесін негізгі жолдарға қою ұсынылуда, олар: Қорғалжын тас жолы, Қосшы ауылынан кіретін жол, Қарағанды, Павлодар Көкшетау бағытынан келетін жолдар.

«Ал, жай уақытта кез келген көлік түріне қалаға кіру тегін болады. Осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Бұдан бұрын біз ұсынысымызды Қоғамдық кеңеске енгізген болатынбыз. Қазір сол жерде айтылған ескертпелерді ескеріп жатырмыз», - деп түсіндірді Бейбіт Есжанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер