BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана қаржы орталығы әлемдегі үздіктер ондығына енді

Астана Лондон, Нью-Йорк, Токио, Сингапур, Дубай, Шанхай және Абу Даби секілді танымал халықаралық қаржы орталықтарымен бірге жаһандық қаржы орталықтарының негізгі рейтингіне (Global Financial Centres Index, GFCI) енді. Бұған БХФ-ның осы жылдың қаңтар айынан басталған ауқымды жұмысы ықпал етті. GFCI 23-шығарылымының ресми презентациясы Циндао деген Қытай қаласында өтті, деп хабарлайды Baq.kz aқпарат агенттігі.

Бұрын Астана халықаралық қаржы қауымдастығының мойындауы мен бағалауы міндетті критерий болып табылатын GFCI негізгі рейтингіне қосылуға үміткерлердің тізімінде болатын. GFCI-дің ағымдағы шығарылымында 16 қаржы орталықталығынан Астананы қосқанда 4-еуі ғана негізгі рейтингқа қол жеткізді.

GFCI рейтингіне сәйкес Астана Будапешт, Санкт-Петербург, Алматы, Баку және басқа аймақтардағы орталықтарды басып озып, Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы үздік 10 қаржы орталығының қатарына қосылды.

Астананың абыройлы GFCI халықаралық рейтингіне қосылуы Халықаралық қауымдастықтың ХБФ қызметіне жоғары қызығушылығын тағы бір куәландыратын маңызды оқиға. Мысалы, GFCI Шанхай қаржы қауымдастығы өкілдерінің осы шығарылымында Астананың аймақтағы басты қаржылық орталыққа айналатынына сенім білдірді.

GFCI индексі 2007 жылдан бастап жарияланады және қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Рейтинг 29 мыңнан астам қаржы орталықтарының онлайн сауалнамасының негізінде жасалады және Бүкіләлемдік Банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және басқа да ұйымдардың 100-ден астам макроэкономикалық көрсеткіштерін ескереді. GFCI «бизнес-орта», «қаржы секторын дамыту», «инфрақұрылымдық факторлар», «адам капиталы», «беделі және жалпы факторлар» критерийлерге қарайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер