BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана бойынша 2017 жылы мемлекеттік бюджет жоспары 102,2 % орындалды

Фото: auto.lafa.kz

Астана бойынша 2017 жылы мемлекеттік бюджет жоспары 102, 2 % орындалды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділбаев Қанат Серікханұлы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кірістер департаменті басшысы орынбасарының айтуынша, 2017 жылы жоспар бойынша 968,9 млрд теңге түсу керек болса, іс жүзінде бюджетке 990 млрд теңге салық түскен. Оның ішінде республикалық бюджет - 102, 3 %, жергілікті бюджет - 101,9% құрады.

Мемлекеттік бюджет жоспары 105,1% орындалды. Жоспар бойынша есептелген 154,9 млдр теңгенің орнына, факт бойынша 162,8 млрд теңге салық түсті. Оның ішінде республикалоық бюджет 101,5% орындалса, жергілікті бюджет 121,2% құрады.

«Салық төлеушілерді әкімшілендіру іс-шараларының әсерінен нақтылы ақшамен республикалық бюджет 28,0 млрд теңгемен қосымша қамтамасыз етілді. Оның ішінде, камералық бақылау есебінен 13,3 млрд, берешектерден өндіріп алу есебінен – 4,9 млрд, кедендік және салықтық тексерулердің нәтижесінде – 3,2 млрд және залалдарды өтеу бойынша – 0,2 млрд теңге жиналды», - деді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділбаев Қанат.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер