BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Америка соты Статилер ісін қайта қараудан бас тартты

АҚШ-тағы Колумбия округінің соты молдавиялық бизнесмендер Анатолий мен Габриел Статилердің ісіне қатысты дәлелдерді қараудан бас тартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі prnewswire.co.uk сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан осымен екінші рет органдарға дәлелдерді қайта қарау үшін өтініш білдіріп отыр. Осы күнге дейін шыққан үкімге сәйкес Қазақстан Статилер ісі бойынша 520 млн доллар төлеуі тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, молдавиялық бизнесмендер Статилер Нью-Йорк федералдық сотынан ірі америкалық мемлекеттік инвесткомпанияның Қазақстан активтерімен қандай баланысы бар екенін тексеруді өтінген болатын.

2017 жылдың желтоқсан айында Bank of New York Mellon Ұлттық қордың 22 млрд долларын бұғаттады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер