BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алтын арзандай түсуі мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері алтын бағасы 5%-ке төмендеп, 1241,7 долларға сатылуда. Осы орайда сарапшы Андрей Кочетков алтын бағасының не себепті арзандап жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі LS порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, алтын бағасының төмендеуіне негізгі орталық банктердің қаржы саясатын күшейтумен байланысты.

«АҚШ-тың федералды резерв жүйесі мөлшерлемені жоғарылатуда. Сондай-ақ Орталық еуропалық банк пен Жапония банкі бағдарламалардың санын қысқартып жатыр. Сондықтан жаһандық экономикада инфлицияны жоғарылататын тәуелсіз ақша көлемі азаюда», - деді ол.

Оның пікірінше, алдағы уақытта алтын бағасы арзандай түсуі мүмкін.

«Бұл бағалы металл проценттік кіріс әкелмейтін, пассивті инвестиция болып саналады. Ол облигация ретінде өз құнын жоғалтады. Қазіргі таңда АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылдық міндетемесіне сәйкес алтын табыстылық түсімі бойынша 3%, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 3,5%-ке дейін өсуі мүмкін. Сондықтан біз орташа мерзімді келешекте алтын бағасы өседі деп оптимизммен қарай алмаймыз. Сондай-ақ алтын бағасы троя унциясы үшін 1100-1150 долларға дейін құлдырауы мүмкін», - деп болжам жасады Андрей Кочетков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер