Алтын нарығында жағдай тұрақты - Қаржы|29 Тамыз 2013, 14:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алтын нарығында жағдай тұрақты

Астана 29 тамыз. Baq.kz - Дүниежүзі бойынша алтын нарығында жағдай тұрақты. «Saxo Bank» брокерлік компаниясының стратегі және биржалық өнімдер бөлімінің директоры Оле Слот Хэнсен осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

"Алтын троя унциясына 1350 доллар деңгейінен жоғары сақтала отырып, облигациялар бойынша табыстың үзіліссіз өсіміне қарамастан тұрақтылықты танытты. АҚШ-тың 10 жылдық құнды қағаздар бойынша табыстылығы 3% көрсеткішіне жақындады. Мұндай жағдай осыдан екі жыл бұрын байқалған еді. Қойылымдардың артуына экономикасы дамушы елдердің қаржы нарықтарындағы проблемалары, Сирия мен Египеттегі геосаяси проблемалармен қатар биржалық индекстік өнімдерге салымдардың бірнеше апта бойы өзгермеуі ықпал етті. Бұл өз кезегінде институционалды инвесторлармен сатулар аяқталды немесе уақытша тоқтатылды деген белгі ретінде қабылдануы мүмкін" дейді Оле Слот Хэнсен.

"Бірақ ағымдағы деңгейден айтарлықтай қалпына келуді күтпейміз, қазір нарық бүкіл жыл бойындағы жағдаймен салыстырғанда теңгерілген болып көрінеді. Бұл қысқа позицияларды қосымша қысқарту үшін алғышарттар жасайды. Оның барысында баға унциясы 1415 доллар белгісіндегі алғашқы мақсатына көтеріле алады. Бірақ теңгерім жағдайында жаңа сатуларды да жоққа шығаруға болмайды. Өйткені, нарықтағы көңіл-күй әлі де сезімтал. Сондықтан ықтимал өркендеу жағдайына сақ болуымыз керек, ол бағаның 1315 доллар деңгейіне бастапқы мақсатымен құлдырауына алып келуі мүмкін" деп сөзін жалғады стратег-маман.
Оле Слот Хэнсеннің айтуынша, алтын нарығындағы қобалжудың тағы бір себебі америкалық облигациялар бойынша шынайы табыстылықтың үзіліссіз өсім. Ол алтын мен табыстылық қойылымдары арасындағы байланыстың үзілуіне алып келген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер