Алтын арзандады - Қаржы|15 Тамыз 2013, 12:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алтын арзандады

Астана 15 тамыз. Baq.kz – «Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, алтын бір күнде 13 долларға арзандап кеткен. Оның троя унциясы үшін қазіргі баға 1 мың 328,5 доллар. Ал күмістің құны троя унциясы үшін 21 доллар 26 центке дейін көтерілген.  

Сарапшылар Лондонның көтерме сауда нарығындағы бағалы темірдің күрт арзандауын Еуропа елдеріндегі инфляция деңгейінің төмендеуімен түсіндіріп отыр. Мәселен, Германияда инфляция деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша 1,9% -ға дейін төмендеген. Ұлыбритания экономикасында да осындай өзгрістер байқалып отыр.
Есесіне, дүниежүзі бойынша Қытайдың алтынға деген сұранысы күн санап артып келеді. Соңғы алты айда бір Гонконгтан Қытайға 517,92 тонна алтын жеткізілген. Содай-ақ, бұл елде алтын құймаларына сұраныс 86,5% жетсе, бағалы металлдан жасалған зергерлік бұйымдарға 43,6%, өзге салаларда 16% артқан.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер