BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Алматыда Қазақстандық биржалық форумы өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Аталған форум ҚР Ұлттық банкі Қазақстан қаржыгерлер Ассоциациясы мен KASE бірлесіп ұйымдастырған қаржыгерлердің VIII Конгрессі аясында өтуде.

Форумның салтанатты ашылуында «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқармасының төрайымы Алина Алдамберген құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін бізде мерейтойлық форум өтуде. Өздеріңіз білесіздер Қазақстан ұлттық валютасы мен Қазақстан қор биржасына 25 жыл толып отыр. Осыған орай бірқатар шараларды өткізіп отырмыз. Соның бірі Қор биржасының құрылыуы мен аяқтан тұруы кезінде еңбек еткен адамдар туралы жинақ басылды, онда бұрынғы қызметкерлер өздерінің естеліктерімен бөлісті. Оны біздің сайтымыздан да көре аласыздар. Бұл құжаттар студенттер мен еңбек жолын енді бастап жатқан қаржыгерлерге үлкен азық болады деген ойдамын», -дейді ол.

Форум аясында қор нарығының құралдары арқылы экономиканы қаржыландыру мәселелері, биржалық инфрақұрылымды дамыту және биржалық құралдарды алға жылжыту мәселелері талқыланбақ.

Іс-шараға қазақстандық қаржы ұйымдары, шетелдік қор биржалары, инвестициялық банктер, мемлекеттік органдар, ұлттық және жеке қазақстандық компаниялар, қотандық және шет елдік кәсіби қаржы бірлестіктері, халықаралық сарапшылар қатысуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер