BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алихан Смайылов ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды

Фото: strategy2050.kz

Алихан Смайылов 1993-1999 жылдары аралығында «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің бөлім бастығы; Қазақстан Республикасы статистика және жоспарлау агенттігінің Статистика және талдау комитетінің төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Статиститка агенттігінің төрағасы.

2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.

2003-2006 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.

2007-2008 жылдары – «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.

2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.

2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы.

2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер