Әлемдік нарықта алтынға сұраныс 7% төмендеді - Қаржы|06 Мамыр 2018, 15:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Әлемдік нарықта алтынға сұраныс 7% төмендеді

2018 жылдың І тоқсанында халықаралық нарықта құнды металға деген сұраныс 7%, яғни 973,5 тоннаға төмендеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық алтын бойынша кеңестің баяндамасында сұраныстың төмендеуі алтын құймаларға инвестициялардың азаюымен байланыстырылған. Сондай-ақ, бұл бағалы металдар зергерлік бұйымдардың жасалуы 1%, яғни 487,7 тоннаға азайған. Бір Үндістанның өзінде алтыннан бұйымдар жасау 12% қысқарып отыр. Бұл шығынды көпке дейін Қытай мемлекеті жауып келген болатын. Себебі, аталған мемлекет алтыннан бұйым жасауды 7% арттырған еді. Мұнымен қатар, АҚШ-та да аталған металл түріне деген сұраныс артты.

2018 жылдың алғашқы үш айында мемлекеттердегі орталық банктер 116,5 тонна алтын сатып алды. Бұл өткен жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 42% көп. Баяндамада алтында көптеп сатып алған мемлекеттер қатарында Қазақстан, Ресей және Түркия бар. Бұл мемлекеттер соңғы бес жыл ішінде халықаралық қордағы алтынның 50%-ын иемденген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер