BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алаяқтар 7 млн теңге жасап шығарды

Қазақстанда 2017 жылы айналымнан 2,5 мың жалған теңге, 500 шетелдік банкнот тәркіленді. Ол туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің профилактикалық жұмыс және бақылау жөніндегі орынбасары қызметін атқарушы Ерден Жұма айтты, деп хабарлайды Baq.kz aқпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

2017 жылы жалған ақша жасауға байланысты 214 қылмыстық іс тіркелген.

«Ақша айналымынан 7,4 млн теңгені құрайтын 2511 жалған ұлттық валюта, 26 млн теңгені құрайтын жалпы саны 497 дана шетелдік валюта тәркіленді. Сондай-ақ, жалған белгі жасайтын төрт жасырын цех жұмысы тоқтатылды», - деді Мемлекеттік табыс комитетінің өкілі.

Оның айтуынша, 2017 жылы ведомствоның экономикалық тергеу қызметі 58 қылмыстық іс қарады, оның 48-і аяқталды. Сот санкциясымен 2 млрд теңге сомасындағы мүлік тәркіленді.

Сонымен қатар, шығынды қалпына келтіру көрсеткіші 46%-дан 74%-ға дейін көтерілді. Ерден Жұма тіркелген 106 млрд теңге шығынның 50,6 млрд-ы өтелгенін айтты. Сот санкциясымен 27,7 млдр теңгенің мүлігі тәркіленген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер