BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Альянс Банк миллиардтаған шығынға батты

Астана. 6 желтоқсан. Baq.kz - Альянс Банк шығынға белшесінен батты. Қазан айында банктің таза шығыны 2,5 есе артып, 2,5 миллиард теңгеге жеткен.

Қазан айында банктің барлық активтерінің тиімділік коэффициенті 1,42 пайызға дейін артты. ЕДБ активтерінің миллион теңгеге шаққандағы орташа табысы 14,2 мың теңгеге жетті, ал қыркүйек айында 12,2 мың теңге болған екен.
Жалпы отандық банктер арасында жылдық табысы бойынша «біріншілікті» Халық банкі бастап тұр. Тіпті, аталған қаржылық мекеме бір ай ішіндедегі табысты 7 миллиард теңгеден 57,7 млрд долларға дейін ұлғайтқан. Ал ағымдағы жылдың 10 айында елдегі үш банктің көрсеткіштері кері кеткен. Темірбанк – 1,4 млрд теңге, АТФ банкі – 1,8 млрд теңге және осы деңгейлес тағы бір банк қазан айындағы шығындар көлемін 664-тен 589 миллион теңгеге дейін қысқартуға мәжбүр болған.
Ал қаржылық ұйымдардың арасында қараша айына дейінгі көрсеткіштер бойынша 1,5 миллиард теңгесін жүйесіз шығындаумен Альянс банк көш басында тұр. Бір қызығы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша жақсы көрсеткіштерге қарамай, аталған қаржы институты осындай күйге түскендігі белгілі болып отыр.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер