BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ-тан Қазақстанға әкелінетін смартфондар импорты екі есе өсті

2018 жылдың қаңтар айында Қазақстанға жалпы 78,2 млн долларға смартфон әкелінді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,7% өсті. Ең көп тауар Қытайдан әкелінген. Аспан асты елі бір ай ішінде Қазақстанға 56 млн долларға смартфон сатты. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14,6% көп.

Сондай-ақ, Вьетнамнан 13,1 млн долларға техника әкелінді. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 7,6% көп.

Ал Ресейден 2,9 млн долларға, Австриядан 1,4 млн долларға, Малайзиядан 1 млн долларға және АҚШ-тан 1 млн долларға (2,2 есе көп) смартфон әкелінді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер