BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ақшаны тойға ұстап қоямыз». «Атамекен» ҰКП азаматтарға ақшаны қалай ұстауды үйретіп жатқанын айтты

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша азаматтардың кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып, ақшаны тиімді ұстауды үйреніп жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен Эльдар Жұмағазиев аталған бағдарламаның маңызды тұстарына тоқталды. Осы орайда ол ауылдағы азаматтардың тұрмысын көтеру қажеттігін атап өтті.

«Ашығын айтқанда, ауылдағы адамдардың жағдайын жақсарту үшін көмек керек. Біз Маңғыстау облысында болдық. Онда 70 жасқа толайын деп отырған апаймен кездестік. Апайымыз «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 1 ай оқыпты. Ол кісі «Маған ақшаны қолға бермеңдер. Ақшаға отағасы «жолаушыларды тасымалдаймын» деп машина алады. Болмаса, ақшаны тойға жұмсап қоямыз. Оданша маған бизнес жоспар бойынша ақшаны қалай ұстау қажеттігін үйретіңдер» деп айтты. Халық арасында ондай мәселелер бар ғой. Ал олар мұны бізге жасырмай айтып жатыр», - дейді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде.

Осы орайда Эльдар Жұмағазиев «Атамекен» ҰКП азаматтарға кәсіп ашудың қыр-сырын үйретіп жатқанын жеткізді.

«Аталған бағдарлама аясында азаматтар бізден 120 сағат консультация алып, бизнесті жүргізу бойынша 96 сағаттық тренингке қатысады. Сонымен қатар олар кәсіпкер ретінде ойын нақты жеткізу үшін тиісті сабақтарды алып жатыр», - деп түйіндеді сөзін ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер