Теңге бір аптада 0,6% әлсіреді - Қаржы|21 Мамыр 2018, 20:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Теңге бір аптада 0,6% әлсіреді

18 мамырдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,6% (326,40-тан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 328,31 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 11 мамырдан 18 мамыр аралығындағы маңызды оқиғалар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда саттық мәселелері бойынша айтарлықтай прогрестерге қол жеткізу, АҚШ-тағы тұрғын үй құрылысы, бөлшек сауда және өнеркәсіптік өндірістің өсуі туралы деректерді жария ету болды. Осы факторлар АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі деңгейінің ұлғаюымен қатар, әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының нығаюына әкелді, бұл дамушы нарықтардың барлық валюталарының әлсіреу себебі болды.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка рэнді президент Сирил Рамафостің құрылымдық реформаларының іске асырылуы туралы қобалжу және шетелдік инвесторлардың қаржылық дағдарыс уақытынан бастап ұлттық валютамен облигациялардың ең жоғары көлемін сату аясында 4,1%-ға (12,26-дан 12,76-ға дейін) әлсіреді;
  • Түрік лирасы араласу туралы алыпсатарлықтан кейін реттеушінің валютаны қолдау туралы түсініктемелерінің болмауына байланысты 3,9%-ға (4,32-ден 4,49-ға) әлсіреді.
  • Бразилия реалы Бразилияның Орталық Банкінің базалық мөлшерлемені 6,5%-дық деңгейде сақтау туралы шешімі аясында 3,9%-ға (3,60-тан 3,74-ке дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы Мексика президентінің кезекті сайлауы қарсаңында саяси белгісіздіктің аясында 2,7% -ға (19,42-ден 19,95-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы Индонезия Банкінің базалық мөлшерлемені 0,25%-ға арттыру туралы шешіміне қарамастан 1,4%-ға (13 960-тан 14 156-ға дейін) әлсіреді. Сондай-ақ, реттеуші ұлттық валютаның айтарлықтай әлсіреуі жағдайында қосымша шаралар енгізу туралы хабардар етті;
  • Үндістан рупиясы әлемдік нарықтарда мұнай құнының өсуі аясында 1,0%-ға (67,33-тен 68,01-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі 0,7%-ға (61,93-тен 62,36-ға дейін) әлсіреді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер