BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

AIX Еуропа-Азиялық қор биржалары федерациясының мүшесі атанды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. «Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) Еуропа, Азия және Жерорта теңізі алабының 33 мүшесін біріктіретін Еуропа-Азиялық қор биржалары федерациясының толыққанды мүшесі атанды.

Бұл федерацияның мақсаты мен миссиясы Еуразия өңірінің (Еуропа, Азия, Жерорта теңізі алабы) капитал нарықтарын дамытуға, ілгерілетуге және ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады. Бұл ұйымның мүшесі болу AIX үшін бизнесті қолдау, тренингтер мен вебинарлар, зерттеулер мен жарияланымдар арқылы білім алмасу, PR қолдау, FEAS ConFEAS флагмандық іс-шараға қатысу сияқты FEAS артықшылықтарын алуға мүмкіндік береді.

«Осы мүшелікке қол жеткізу арқылы AIX Федерацияның Еуропа-Азия өңіріндегі капитал нарықтарын дамытуға, қолдауға және ілгерілетуге әрі ынтымақтастыққа өз үлесін қосуға қатысты көзқарасы мен миссиясын қолдайды. Бұл капитал нарықтарын кеңейту және тереңдету, капиталға қолжетімділік беруге арналған қауіпсіз әрі сенімді платформаны қамтамасыз ету және Қазақстан мен өңір ішінде және одан тыс жерлерде инвестициялау мүмкіндіктерін қамтитын AIX тұжырымдамасына сәйкес келеді», - деді AIX Басқарма төрағасы Тим Беннет.

Өз кезегінде FEAS-тың 26-шы жыл сайынғы Бас Ассамблеясы барысында FEAS төрағасы Ахмед Салех әл Мархун AIX серіктестік үлкен жетістіктерге алып келетініне сенімділік білдірді.

«Бүгін біз FEAS қоғамдастығына толық құқылы мүшелер ретінде қосылған «Астана» халықаралық биржасының құрметті әріптестерімізге қош келдіңіздер дей отырып, FEAS барлық мүшелерінің атынан AIX-ті осы айтулы оқиғамен құттықтағымыз келеді. Біз ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз және бірге ортақ мақсаттарымызға қол жеткізуде бір-бірімізді қолдайтын боламыз деп сенемін», - деді ол.

Айта кетейік, АХҚО Биржасы (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын бастап берді. AIX акционерлері құрамына AIFC, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және NASDAQ кіреді, соңғысы AIX-ке сауда платформасын ұсынады. www.aix.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер